21.02.2018, 12:22 7578

Оӊтүстік Қазақстан облысында Мақтаарал мен Сарыағаш аудандарын бөлу ұсынылды

Оӊтүстік Қазақстанда облысында халқы еӊ тығыз орналасқан Мақтаарал және Сарыағаш аудандарын бөлу туралы мәселе соӊғы жылдары жиі қозғалып келді. Ал бүгін алтыншы шақырылымындағы облыстық мәслихаттыӊ ХХ сессиясында аталған ұсыныс күн тәртібінде қаралып, депутаттардан қызу қолдау тапты

Шымкент. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстанда облысында халқы еӊ тығыз орналасқан Мақтаарал және Сарыағаш аудандарын бөлу туралы мәселе соӊғы жылдары жиі қозғалып келді. Ал бүгін алтыншы шақырылымындағы облыстық мәслихаттыӊ ХХ сессиясында аталған ұсыныс күн тәртібінде қаралып, депутаттардан қызу қолдау тапты. Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев халық күткен тарихи шешімді негіздеу үшін тиісті ауқымда шаралардыӊ жүргізілгенін жеткізді.

Сессия төрағалық жасаған Д.Ибіш қаралатын мәселелерді хабарлап, бөлінуге байланысты атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімініӊ бірінші орынбасары И.Өсербаев баяндама жасады.

"2018 жылдыӊ 16 ақпанында Сарыағаш және Мақтаарал аудандарыныӊ өкiлдi және атқарушы органдарыныӊ аудан аумағын бөлу жолымен аудандар құру, оларға атау беру, әкімшілік орталықтары мен шекараларын белгілеу туралы бiрлескен шешімдері қабылданды. Осыған орай, Мақтаарал ауданын үш ауданға яғни, Мақтаарал, Асықата, Жетісай, Сарыағаш ауданын екі ауданға яғни, Сарыағаш, Келес деп бөліп, бұрынғы аудан орталықтарын қайта қалпына келтіру ұсынылады", - деді.

Сессияда сөз алған облыстық мәслихат депутаты Сәду Бекенов Мақтаарал ауданы 1997 жылы 24 сәуірде бұрынғы үш ауданды біріктіру нәтижесінде құрылғанын айтып, тарихи ұсынысты Мырзашөл жұрты ыстық ықыласпен қабылдап отырғанын жеткізді.

"Мақтаарал ауданы облыстағы халқы тығыз шоғырланған және демографиялық өсімі жағынан жоғары аудан саналады. Мұндағы жалпы халық саны 304 684 адамды құрап отыр. Аудан 182 елді мекеннен, 1 қала, 3 кент және 20 ауылдық округінен құралған. Сондықтан Мақтаарал ауданын үшке бөлу шешімі Елбасыдан қолдау тауып, алдағы уақытта аталған өӊірлердіӊ әлеуметтік экономикалық хал-ақуалы жақсара түсетіні сөзсіз. Жыл көлемінде жұмыс тобын құрып, барлық қажетті шараларды жүргізген облыс әкімі Ж. Түймебаевқа ризалығымызды білдіреміз", - деді Сәду Кеттебайұлы.

Ал, Сарыағаш ауданы 1997 жылы бұрынғы Сарыағаш және Келес аудандарын біріктіру жолымен құрылған. Аталған ауданда бүгінде 326 915 халық тұрады. Аудан аумағы 762203 гектар, 154 елді мекені, 1 қала, 1 кент және 23 ауылдық округінен құралған.

"Бүгінгі ұсынысты тарихи сәт деп бағалауға болады. Аталған аудандарда қазіргі таӊда 630 мыӊнан астам халық тұрып жатыр. Бұл еліміздегі өзге облыстардыӊ халықымен салыстырғанда едәуір көп саналады. Енді ұсынысымыз Елбасы тарапынан толық қолдау тауып жатса, екі аудандағы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жүктемесі азайып, әкімшілік аумақтағы барлық бағыттағы жұмыстардыӊ сапасын көтеруге өз септігін тигізеді деп есептеймін" , - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Аталған екі ауданда халықтыӊ тығыз орналасу себебінен кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын өз деӊгейінде дамыту үшін мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды халыққа жеткізу, толық және сапалы қамту мәселелері әлі де бар. Денсаулық сақтау саласында, атап айтқанда, дер кезінде медициналық көмек көрсету, шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындарын аудан орталығындағы ауруханалар мен перзентханаларға жедел жеткізу мәселесі де толық қамтуды қажет етеді.

Жаӊа құрылатын аудандарға атау беру мәселесі республикалық ономастика комиссиясыныӊ қарауына ұсынылмақ. Мақтаарал ауданыныӊ әкімшілік орталығы Мырзакент кенті, Асықата ауданыныӊ әкімшілік орталығы Асықата кенті, Жетісай ауданыныӊ әкімшілік орталығы Жетісай қаласы болып белгіленіп отыр.

Ал Сарыағаш ауданыныӊ әкімшілік орталығы - Саырағаш қаласы, Келес ауданыныӊ әкімшілік орталығы ретінде Абай ауылы белгіленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны