24.09.2016, 11:34 4068

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Мәӊгілік елдіӊ мәӊгілік тілі" атты мерекелік іс-шара өтті

Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында "Мәӊгілік елдіӊ мәӊгілік тілі" атты мерекелік іс-шара өтті.

Шымкент. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында "Мәӊгілік елдіӊ мәӊгілік тілі" атты мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімініӊ орынбасары Ұ. Сәдібеков барша облыс тұрғындарын тіл мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар, облыс әкімініӊ орынбасары тілдерді қолдану мен дамытуға үлес қосқан 20 азаматты облыс әкімініӊ алғыс хатымен марапаттаса, 11 тіл жанашыры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ, "Нұр Отан" партиясы мен облыстық мәслихаттыӊ арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік шара аудан, қала өнерпаздарыныӊ және этнос өкілдерініӊ концерттік бағдарламаларымен жалғасын тапты.

Еліміз бүгінде түрлі этностыӊ тілі мен салт-дәстүрініӊ сақталуымен ерекшеленетін достық пен бірліктіӊ мекеніне айналып отыр. Облысымызда барлық этностардыӊ тілі мен мәдениетін дамытуға лайықты жағдай жасалған. Этностардыӊ тілі мен салт-дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізу игі дәстүрге айналды. Бүгінде 20 этномәдени бірлестіктіӊ 11-ініӊ жанында жексенбілік мектептер бар.

Айта кетейік, жалпы облысымызда мемлекеттік тілді меӊгерген тұрғындар үлесі 91 пайызға, ал орыс тілін меӊгергендер - 62,5 пайызға, ағылшын тілін меӊгергендер - 8 пайызға жетіп отыр. Сондай-ақ, облыс аумағында тілдерді ақысыз үйрететін 14 оқу орталығы жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде оларда 4 мыӊға жуық тіл үйренуші тілдерді оқып, үйренуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны