05.10.2016, 11:47 5878

Оӊтүстік Қазақстан облысында медиация желісін дамыту көзделуде

Облыстық сотта өткен салтанатты жиынды облыстық соттыӊ төрағасы Нұрсерiк Шәрiпов ашып, бекітілген келісім негізінде тараптар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медиацияны қолдану арқылы дауларды шешу кезінде өзара әрекеттесу бойынша бірлескен жүйелі жұмыс атқаратынын атап өтті.

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облыстық соты, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі аппаратыныӊ ассамблеясы хатшылығы, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әділет департаменті, Оӊтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасы, Оӊтүстік Қазақстан облысы наториаттық палатасы қоғамныӊ құқықтық тұрғыдан дамуын және ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастығын орнату мақсатында Оӊтүстік Қазақстан облыстық соты мен Оӊтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі арасында түзілген өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қосылу жөнінде келісім жасады, деп хабарлайды "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.

Облыстық сотта өткен салтанатты жиынды облыстық соттыӊ төрағасы Нұрсерiк Шәрiпов ашып, бекітілген келісім негізінде тараптар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медиацияны қолдану арқылы дауларды шешу кезінде өзара әрекеттесу бойынша бірлескен жүйелі жұмыс атқаратынын атап өтті.

Оӊтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары, облыстық ассамблея хатшылығыныӊ меӊгерушісі Мұратәлі Қалмұратов медиация желісін дамыту Елбасыныӊ Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеген жаӊа функционалдық бағыттарыныӊ бірі екенін айтып, бұл тұрғыда өӊірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Меморандумға қосылу туралы келісімге қол қою барысында тараптар аталған бағытта ынтымақтастыққа және тұрақты түрде халық арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге әзiрлiктерiн жеткiздi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны