09.12.2016, 16:43 4312

Оӊтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет атқаратын 12 "Болашақ" түлегі мектеп оқушыларымен кездесті

Оӊтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет атқаратын 12 "Болашақ" түлегі мектеп оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет атқаратын 12 "Болашақ" түлегі мектеп оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Икімдіктіӊ хабарлауынша, Қазақстан республикасында 1993 жылы жастардыӊ білімін жетілдіріп, тәжірибелі маман даярлау мақсатында Елбасымыз Н.Назарбаевтыӊ бастамасымен құрылған "Болашақ" халықаралық стипендиялық бағдарламасы елімізде сәтті жүзеге асып келеді.

Бүгінгі таӊда Оӊтүстік Қазақстан облысында 12 "Болашақ" түлегі мемлекеттік қызметте басшылық лауазымда еӊбек етуде. Солардыӊ бірқатары Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебініӊ оқушыларымен кездесті. Шетелде білім алып, бүгінде мемлекеттік қызмет саласында еӊбек етіп жүрген азаматтар шәкірттер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді. "Болашақ" бағдарламасыныӊ жай-жапсары, шетелде оқудыӊ мүмкіндіктері жайлы сөз қозғап, оқушыларды шетелдік білім жүйесініӊ қыр-сырымен қанықтырды. Айта кетейік, "Болашақ" халықаралық стипендиясы Қазақстанныӊ кадрлар даярлауда әлемдік жүйеге табысты кірігуіне мүмкіндік берді. Ол құрылғалы бергі 23 жылда 9339 жоғары білікті маман даярланыпты. Дені инженерлер, ұстаздар мен дәрігерлер, мемлекеттік және шығармашылық сала өкілдері. Солардыӊ 98 пайызы жұмысқа орналасқан. Биыл "Болашаққа" қабылдаудыӊ талабы біршама өзгерді. Шетелде білім алатын оқу орнын таӊдауға ерекше назар аударылып отыр. Алдағы жылы бұл бағдарламамен сот қызметкерлері және "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ менеджерлері білім алатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны