08.10.2016, 17:00 4470

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Меніӊ Қазақстаным" халықаралық ән байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысқан шарада аймақ басшысы жеӊімпаздарды марапаттап, оларға сый-сияпат жасады.

Шымкент. 8 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында Шәмші Қалдаяқов атындағы "Арыс жағасында" VII ретро-фестивалінде Шәмші Қалдаяқов атындағы "Меніӊ Қазақстаным" Халықаралық VII ән байқауыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысқан шарада аймақ басшысы жеӊімпаздарды марапаттап, оларға сый-сияпат жасады.

Сонымен, VII Шәмші Қалдаяқов атындағы "Меніӊ Қазақстаным" Халықаралық ән байқауыныӊ жеӊімпаздарын атасақ, өнер жарысыныӊ бас жүлдесін қызылордалық Назым Сағынтай жеӊіп алды.

І орынға Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ намысын қорғаған Диана Хашимжанова ие болса, ІІ орын алматылық Тілекбай Нағымбаев пен астаналық Еркебұлан Тұрмағамбетовке бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынға астаналық Жалғас Сұлтанов пен Марат Айтымбай және Лаура Айтбаевалар (Қарағанды) лайықты деп танылды.

Сондай-ақ, салтанатты шарада Облыс әкімініӊ арнайы жүлдесімен Қытай Халық Республикасынан келген Асылхан Дәстүр марапатталса, арнайы диплом қырғызстандық Биназира Аблаеваға табысталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оӊтүстік Қазақстан облысында VII Шәмші Қалдаяқов атындағы "Меніӊ Қазақстаным" Халықаралық ән фестивалі 5 қазанда басталды.

Қазақстан мен Қырғызстан, Изірбайжан, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы және т.б. елдерден 60 шақты үміткер бақ сынаған байқауда облыс намысын "Меніӊ Қазақстаным-2015" облыстық ән байқауыныӊ бас жүлде иегері Руслан Ақынбеков, "Оӊтүстік-Цирк" мекемесініӊ әншісі Диана Хашимханова мен облыстық опера және балет театрыныӊ әртісі Қаракөз Абдушариповалар қорғады.

Ин салу өнерін дамыту, қазақ вальсініӊ падишасы Шәмші Қалдаяқов әндерін халық арасында орындайтын дарынды жастарға қолдау көрсету және қазақстандық эстрада өнері шеберлерініӊ өнерін халыққа ұсыну мақсатымен өткізіліп жатқан фестиваль 2 кезеӊнен тұрады. Барлық кезеӊдер халық алдында өткізіліп, қатысушылар Шәмші Қалдаяқовтыӊ репертуарынан әндер орындайды. Халықаралық доданыӊ бас жүлдесіне 1 000 000 теӊге көлемінде ақшалай сыйлық қарастырылды.

Қазылар алқасыныӊ құрамында ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтыӊ лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР еӊбек сіӊірген әртісі Бағдат Сәмединова, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Серік Еркімбеков және Ибілқасым Қалдаяқовтар бар.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ ұйымдастыруымен және ОҚО әкімдігініӊ қолдауымен өткен шара екі күнге ұласып, 7 қазан күні жүзден жүйрік шыққан жеӊімпаздар "Шәмші әлемі" гүлзарындағы гала-концертте марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны