05.10.2016, 19:46 6285

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Меніӊ Қазақстаным" халықаралық ән фестивалі өтуде

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысында VII Шәмші Қалдаяқов атындағы "Меніӊ Қазақстаным" Халықаралық ән фестивалі басталды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 5 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысында VII Шәмші Қалдаяқов атындағы "Меніӊ Қазақстаным" Халықаралық ән фестивалі басталды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Қырғызстан, Изірбайжан, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы және т.б. елдерден 60 шақты үміткер бақ сынап жатқан байқауда облысымыздыӊ намысын "Меніӊ Қазақстаным-2016" облыстық ән байқауыныӊ бас жүлде иегері Руслан Ақынбеков, "Оӊтүстік-Цирк" мекемесініӊ әншісі Диана Хашимханова мен облыстық опера және балет театрыныӊ әртісі Қаракөз Абдушариповалар қорғауда.

Ин салу өнерін дамыту, қазақ вальсініӊ падишасы Шәмші Қалдаяқов әндерін халық арасында орындайтын дарынды жастарға қолдау көрсету және қазақстандық эстрада өнері шеберлерініӊ өнерін халыққа ұсыну мақсатымен өткізіліп жатқан фестиваль 2 кезеӊнен тұрады. Барлық кезеӊдер халық алдында өткізіліп, қатысушылар Шәмші Қалдаяқовтыӊ репертуарынан әндер орындайды. Халықаралық доданыӊ бас жүлдесіне 1 000 000 теӊге көлемінде ақшалай сыйлық қарастырылған.

Қазылар алқасыныӊ құрамында ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтыӊ лауреаты Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР еӊбек сіӊірген әртісі Бағдат Сәмединова, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Серік Еркімбеков және Ибілқасым Қалдаяқовтар бар.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ ұйымдастыруымен, ОҚО әкімдігініӊ қолдауымен өтіп жатқан шара екі күнге ұласып, 7 қазан күні жүзден жүйрік шыққан жеӊімпаздар "Шәмші әлемі" гүлзарындағы гала-концертте марапатталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны