04.09.2007, 15:19 2903

Оңтүстік Қазақстан облысында мерт болған шекарашының мәйіті табылды

Оңтүстік Қазақстан облысында мерт болған шекарашының мәйіті табылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысында мерт болған шекарашының мәйіті табылды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің "Оңтүстік" аймақтық басқармасының жедел кезекшісі хабарлады.

"Шекарашының мәйіті бүгін, 12.30-да, қайтыс болған жерден ағыс бойымен бес шақырым жерден табылды",- деп хабарлады жедел кезекші. "Мүрде шлюзге тіреліп қалған",- деп қосты ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, 31-тамызда Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында шекара бұзушыны ұстау барысында Келес өзеніне шекарашы, қатардағы жауынгер Ерлан Ниязов батып кеткен болатын. Оны іздестіру жұмыстары үш тәулікке созылып, оған жүзден астам адам жұмылдырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны