29.09.2016, 10:14 4030

Оӊтүстік Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесініӊ оӊтайлы жақтары түсіндірілді

Еске салайық, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамныӊ ынтымақты жауапкершілігініӊ негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталмақ

Шымкент. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында медициналық сақтандыруды енгізу мәселелерін түсіндіру жұмыстары бойынша жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Биртанов болды, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МИМС) жүйесініӊ негізгі қағидаларын түсіндіру аясында өткен жиында жүйеге қатысты сұрақтарға жауап беріліп, оныӊ қағидалары мен енгізу кезеӊдері, ұтымды жақтары туралы айтылды.

Еске салайық, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамныӊ ынтымақты жауапкершілігініӊ негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталмақ. Бұл жұмыстар негізінде мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер - жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемімен (әрі қарай - ТМККК) әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардыӊ қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

Азаматтардыӊ денсаулығын қорғаудыӊ жалпыға бірдей құқығын қамтамасыз ету мақсатында сақтандырылмаған азаматтарға 2020 жылға дейін ТМККК аясында амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

МИМС аясында сақтандырылған азаматтарға жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақ мерзімді мейіргерлік күтім, амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, егер азаматтар ерікті сақтандыруға қатысатын болса, МИМС жүйесінде қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген келісім шарт негізіне жүзеге асырылады.

Сарапшылардыӊ болжамы бойынша МИМС-ті енгізгеннен соӊ еліміздегі медициналық көмек көрсетудіӊ деӊгейі айтарлықтай өсетіні, сондай-ақ, дәрігерлердіӊ жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. МИМС адамға тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны