26.04.2007, 16:25 3432

Оңтүстік Қазақстан облысында мыңнан астам тәркіленген тасбақа еркіндікке жіберілді

ШЫМКЕНТ. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында мыңнан астам тәркіленген тасбақа еркіндікке жіберілді. Бұл туралы журналистерге Шымкенттің хайуанаттар бағының директорының орынбасары Латиф Алиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл тасбақалар 30-қаңтарда Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында тәркіленген болатын. Белгісіз біреулер тірі жүкті тастап, шекарашылардан қашып кеткен болатын.

"Ақпаннан бер олар бізде ұйықтады. Тек қазір ғана оянды, сондықтан да оларды алып, еркіндікке жіберді",- деп түсіндірді Л. Алиев.

Арыс әкімшілік аймағындағы тасбақа шаруашылығы 200 гектарды алып жатыр. Мұнда баурымен жорғалаушылар ұйым қызмтекерлерінің қарауында болады. Ұйым қызметкерлерінің мәліметтеріне сүйенсек, соңғы бес жылда кәсіпкерлер сату мақсатында жақын шетелдерге заңсыз алып кетпек болған барлығы 7 мың ортаазиялық тасбақа табиғат аясына қайтарылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны