09.02.2010, 09:46 1426

Оңтүстік Қазақстан облысында минус 28 градусқа дейін аяз болады

Оңтүстік Қазақстан облысында минус 28 градусқа дейін аяз болады

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында минус 28 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында 2010 жылдың 9 ақпанында көп қар жауып, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. 9,10,11 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстік аудандарында ауаның температурасы минус 25-28 градусқа дейін суытады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алдағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарына атмосфералық ағымдар бөліктерінің ықпалы сақталады. Ал республиканың қалған аумақтарындағы ауа райын антициклонның суық тарамдары анықтайтын болады.

"Мәселен, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болмақ.Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасын болады".

Ал "Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында - 40 - -43 градусқа дейін үскірік аяз болады деп болжануда".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны