21.08.2006, 14:26 3024

Оңтүстік Қазақстан облысында мүлкін заңдастырғысы келетіндердің саны бір аптада 15 есе өсті

ШЫМКЕНТ. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында мүлкін заңдастырғысы келетіндердің саны бір аптада 15 есе өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі облыстық жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығына сілтеме жасап.

Мәселен, орталықтың мәліметіне сәйкес, қазіргі жағдаймен облыстың 300 тұрғыны жергілікті атқарушы билік мекемелеріне мүлкін заңдастыру туралы өтініш берді. Осыдан бір апта бұрын ондайлардың саны 20 шақты ғана болатын. "Өтініштердің барлығы дерлік ауылдық жерлерден келіп түсуде. Заңдастырылатын нысандардың арасында ауылшарушылығы техникасы, жер, автокөлік тұрақтары, саяжайлар мен құрылыс нысандары бар",- деп хабарлайды орталық. Мамандардың айтуынша, тіркелмеген өнеркәсіптік нысанды заңдастыру жөніндегі өтініштен біреу де түспеген.

Облыстық салық комитетінен Kazakhstan Today тілшісіне хабарлағанындай, екінші деңгейлі банктер Ұлттық банктен тек 18-тамызда ғана түсіндірме хат алған. Онда мүлікті заңдастыруға қатысты төлемдерді қабылдайтын код көрсетілген. Осыған байланысты облыстың бір тұрғыны ғана 10 проценттік жарнаны төлеуге мүмкіндік алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны