26.10.2016, 17:31 5116

Оӊтүстік Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ қолжетімділігіне қатысты 40 нысанға тексеру жүргізілді

Соныӊ нәтижесінде лауазым иелері мен заӊды тұлғаларға 6 999 300 теӊге сомасында айыппұл салынды, оныӊ 2 545 200 теӊгесі төленді",- деді Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша Еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментініӊ жетекшісі Сабыржан Дадаметов.

Шымкент. 26 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментініӊ жетекшісі 2016 жылдыӊ 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Оныӊ айтуынша, өткен мерзімде әлеуметтік қамсыздандыру саласында 137066 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселесі өзекті қалпында қалып отыр. Бұл салада тиісті заӊнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

"2016 жылдыӊ 9 айында әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарына мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ қолжетімділігіне қатысты 40 нысанға тексеру жүргізілді. Соныӊ нәтижесінде лауазым иелері мен заӊды тұлғаларға 6 999 300 теӊге сомасында айыппұл салынды, оныӊ 2 545 200 теӊгесі төленді",- деді Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша Еӊбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментініӊ жетекшісі Сабыржан Дадаметов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таӊда Қазақстанда 600 мыӊнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрып жатыр, бұл жалпы халық саныныӊ 3,5 пайызын құрайды. Солардыӊ 69 мыӊы балалар. Илбетте олардыӊ тағдыры әртүрлі, біреулері туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдыӊ тәлкегін бастан кешіріп отыр. Дегенмен, осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету - қоғамныӊ зор парызы.

Илбетте, мүмкіндігі шектеулі адамдардыӊ қоғамнан тыс қалмауына соӊғы уақытта мемлекет тарапынан жіті көӊіл бөліне бастады. Еӊ бастысы - Елбасы ағымдағы жылғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтып, барша кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесуге шақырған еді. "Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамныӊ мүшесі, пайдалы еӊбеккер ретінде сезінетін болады", - деді Н. Назарбаев. Дегенмен, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды түсіну, әлеуметтік жәрдемақыларды уақытылы төлеумен ғана байланысты емес. Еӊ бастысы олар да өздерін қоғамныӊ толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек. Бұл ретте мүгедектерді оӊалту мен оларды қоғамға кіріктіру міндеттерін сапалы жүзеге асырудыӊ маӊызы зор. Осыған орай, Қазақстан Мүгедектердіӊ құқықтарын қорғау туралы конвенцияға және оныӊ Факультативтік хаттамасына қосыла отырып, халықаралық стандарттарды имплементациялау жөнінде міндеттеме алған болатын. Ирине, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамға бейімдеу, мүгедектіктіӊ басталу қатерініӊ алдын алу кеӊ ауқымдағы шараларды қамтитыны ақиқат. "Жалпы, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік кіріктірудіӊ маӊызды шарты кәсіптік оӊалту болып табылады - бұл еӊбек табысы көздерініӊ бірі ретінде жалпы және кәсіптік білім берудіӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету, нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары. Мүгедектердіӊ басым бөлігі еӊбек етуге қабілетті жаста екенін ескеретін болсақ, бұл аса маӊызды мәселе.

Заӊда мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік жұмыс орындарын құру мәселелері көзделген. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жұмыс жағдайларын жасайтын жұмыс берушілерді қолдау тетігі де қарастырылып, мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау тетігі қаралған. Бұдан бөлек, заӊда елімізде салынатын нысандарды жобалау, салу және кейіннен пайдалануға беру процесінде сәулет, қала салу және құрылыс қызметі туралы заӊнаманы бұзғандардыӊ жауапкершілігі күшейтілген. Халықтыӊ осындай әлжуаз топтарыныӊ нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылысы аяқталған нысандарды тапсыру және пайдалануға қабылдауға қатысатын азаматтардыӊ жауапкершілігі де қарастырылған. Мүгедектерге теміржол көлігі, әуе тасымалы, су көлігі қызметтерініӊ қолжетімділігі үшін жағдайлар жасау, мүгедектердіӊ кез келген ақпаратты өзіне қолайлы форматта алу құқығын кеӊейту ұсынылды. Бұнымен қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға және сондай тұлғалары бар отбасыларға берілетін тұрғын үйлерді арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау тәртібі енгізілшен.

Тоқтала кететін жайт, мүмкіндігі шектеулі адамдардыӊ өмір сүру сапасын арттыру мәселесі де назардан тыс қалмауға тиіс. Илбетте, бұл бағытта атқарылып жатқан шаралар аз емес. Дегенмен, Қазақстан өзі ұстанған саясаты бойынша әлі де атқаратын шаралар жеткілікті. Мәселен, "Нұр Отан" партиясы фракциясы Илеуметтік кеӊесініӊ басым бөлігі мемлекет тарапынан атқарылып жатқан мүгедектерді әлеуметтік қорғау шараларыныӊ әлі де жеткіліксіздігін алға тартады. Сонымен қатар, депутаттар мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапасына бақылауды күшейту қажеттігін әрдайым айтады. Мұндай құзырет Илеуметтік қорғау және бақылау комитетіне берілген. Алайда, іс жүзінде мұндай жұмыс құжаттық деӊгейде жүргізіліп, бақылаулар санмен ғана шектеледі. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заӊнаманы бұзғандарды жазалау бойынша да шаралар көӊіл көншітпейді. Олардыӊ құқығын бұзып жатқандар қаншама?

Қазіргі таӊда Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдардыӊ құқығына қатысты еӊ өзекті мәселе - "кедергісіз" ортаны қалыптастыру. Изірше, өӊірлік деӊгейде нысандарды салу барысындағы паспорттау қағидаттары түсініксіз. Жергілікті атқарушы органдар үшін әдейі белгілі бір көрсеткіштерге жеткендігі туралы жалған хабарлайтындай жағдай жасалып қойған секілді. Сондықтан да, нысандардыӊ картасы қолжетімді болмайынша, мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты ауқымды жобалардыӊ өӊірлердегі атқарылуын бағалау да мүмкін болмай отыр", - дейді депутаттар. Мүмкіндігі шектеулі адамдардыӊ қимыл-қозғалысы үшін стандарттарға сай жабдықталмаған ғимараттарды пайдалануға қабылдау әлі күнге жалғасып жатыр. Жаӊадан салынып жатқан ғимарттарда зағип жандарға арналған тактильді жолдар мен арнайы ұстағыш тұтқалар жоқ. Мүгедектер арбасын аударып аламын деп қорықпайтындай, параметрлерге сай салынған арнайы пандустар да, еӊ ақыр аяғы мүгедектердіӊ ғимаратқа енуі үшін көмекшіні шақыртатын қоӊыраулары да жоқ. Ал мүгедектер үшін қарастырылатын мұндай стандарттарды ғимаратты жобалау сатысында қарастыру соншалықты шығынды қажет етпейтіні де айқын.

Біз "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізгелі отырмыз. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, көрмені тамашалаушылардыӊ 3-5 пайызын мүмкіндігі шектеулі туристер құрайды.

Бұдан бөлек, ауыр науқас, мүмкіндігі шектеулі балаларын күтіп-бағатын ата-аналарды әлеуметтік қызметкер ретінде мойындау маӊызды, бұл бірқатар проблеманы шешуге септігін тигізетіні айтылып жүр. Біріншіден, ешқандай әлеуметтік қызметкер өз анасындай туған баласын күте алмайды, ондай балаларды қоғамға өз анасындай әлеуметтік бейімдеуге ешкім жәрдемдесе алмайды. Екіншіден - әлеуметтік қызметкер ретінде мойындалса, ондай отбасылар жалақы түріндегі қосымша кіріс алып тұрар еді. Ал анасына зейнетақы жарнасы төленетін еді, ендеше осы арқылы анасына мемлекеттік зейнетке шығу да қамтамасыз етіле алады.

Осыдан бірер жыл бұрын Үкімет сағатында Мәжілістіӊ вице-спикері болып тұрған кезінде Дариға Назарбаева шенеуніктерге мүгедектер арбасына бір сәт отырып көруді ұсынған еді. "Өздеріӊізді біреуге мұқтаж адамныӊ кейпінде сезініп көретін едіӊіздер, сосын сол арбамен қаланы аралап, театрға барып, дүкен аралап, кинотеатрға, медициналық мекемеге барып көріӊіздер. Сосын кешке қарай тыӊдайтын едік, оларға жақсы ма, жаман ба, ыӊғайлы ма, ыӊғайсыз ба? Меніӊ ойымша, бұл дұрыс мәселе, осындай ұсыныспен атқарушы билікке шықсақ қайтеді", - деді Дариға Назарбаева. Оныӊ пайымынша, бұл шенеуніктерге мүгедектер проблемасын жақынырақ түсінуге, сезінуге септігін тигізер еді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны