18.01.2008, 19:19 3283

Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық кедендік бақылау департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық кедендік бақылау департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

Шымкент. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық кедендік бақылау департаментінің жаңа бастығы тағайындалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады.

"ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен ОҚО кедендік бақылау комитеті бастығының қызметіне Мейірхан Сатыбалдин тағайындалды ", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Жаңа басшы 51 жаста. Тағайындауға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болған. Прокуратура органдарында 28 жыл қызмет атқарған.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау комитетін алты жыл бойы басқарған Ұлықбек Жанабаевтың қайда қызмет атқаратыны әзірге белгісіз.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны