08.11.2016, 10:15 3640

Оӊтүстік Қазақстан облысында облыстық көркемсурет галереясыныӊ жаӊа ғимараты салынбақ

"Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ көркемсурет галереясын салу туралы тапсырма бердім. Өйткені, сурет күтімді талап етеді. Маманданған жаӊа ғимарат салынған соӊ, күн тәртібіндегі мәселелер өз ретімен шешімін табады деп ойлаймын. Сондай-ақ, мұнда шеберлік сабақтарын ұйымдастырып, симпозиум өткізу жайын қарастыратын боламыз", - деді Ж.Түймебаев.

Шымкент. 8 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев суретшілерді қолдау, өнерін насихаттау, пікір алмасу, сондай-ақ, осы бағытты дамыту мақсатындағы ұсыныстарды талқылау мақсатында облыстық бейнелеу өнері музейінде болды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Онда аймақ басшысы суретшілер одағыныӊ мүшелерімен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, жиынға ҚР еӊбек сіӊірген өнер қайраткері, Ресей, Қырғызстан Көркемөнер академиясыныӊ академигі, Мемлекеттік сыйлықтыӊ иегері Ерболат Төлепбай қатысты.

Отырыс барысында Қазақстан Суретшілер Одағы облыстық филиалыныӊ директоры Нұрлан Шилібаев өнер адамдарыныӊ әлеуметтік жағдайын жасау мәселесін көтеріп, шығармашылықпен айналысатын жұмыс орныныӊ жоқтығына алаӊдаушылық білдірді. Сондай-ақ, жергілікті суретшілердіӊ туындыларын аталған бейнелеу өнері музейініӊ қорына сатып алу жайын қозғап, түрлі тақырыпта жоспардан тыс жылына екі рет көрме ұйымдастыруды сұрады. Филиал директоры өз баяндамасында облыс суретшілерініӊ шығармаларын халықаралық деӊгейге көтеруды ұсынып, суретшілер шеберханасын құру қажеттігіне тоқталды.

Мұнан соӊ, ҚР еӊбек сіӊірген өнер қайраткері Ерболат Төлепбай сөз сөйлеп, саладағы өзге де өзекті жайттар бойынша ойын білдірсе, суретші, қолөнер шебері Кендебай Қарабдалов өзі тап болған кедергілер ретін аймақ басшысыныӊ алдына көлденеӊ қойды.

Осынау проблемаларға қанық болған аймақ басшысы нарықтық экономика заманында әрбір азамат күні-түні жұмыс істеп, еліміздіӊ көркеюіне атсалысу қажеттігіне назар аударды. Шығармашылық өкілдерініӊ жұмысын тек жергілікті деӊгейде ғана емес, халықаралық дәрежеде көрме ұйымдастыру арқылы өткізу керектігін айтқан әкім облыста заманауи талаптарға сай жаӊадан Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ көркемсурет галереясыныӊ салынатынын жеткізді.

"Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ көркемсурет галереясын салу туралы тапсырма бердім. Өйткені, сурет күтімді талап етеді. Маманданған жаӊа ғимарат салынған соӊ, күн тәртібіндегі мәселелер өз ретімен шешімін табады деп ойлаймын. Сондай-ақ, мұнда шеберлік сабақтарын ұйымдастырып, симпозиум өткізу жайын қарастыратын боламыз", - деді Ж.Түймебаев.

Айта кету керек, 2009 жылы суретшілерге қолдау көрсету, олардыӊ шығармашылығын насихаттау мақсатында ашылған Көркемсурет галереясыныӊ жанынан 2015 жылы жаӊа заманауи тұрғыда қосымша ғимарат салынып, нысан өз алдына "Бейнелеу өнері музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ретінде қайта құрылған болатын. Бүгінгі таӊда, мұндағы шығармашылық туындыларыныӊ жалпы қоры 1015 дананы құрайды.

Өӊірімізде Қазақстан Суретшілер одағыныӊ 88 мүшесі бар болса, оныӊ 2-уі ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері, 1-уі ҚР Мемлекеттік сыйлығыныӊ лауреаты, 15-і "Мәдениет қайраткері" төсбелгісініӊ иегері.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны