03.01.2018, 14:17 4917

Оӊтүстік Қазақстан облысында өндіріс орындарында 20 мыӊға жуық жас еӊбек етеді

Оӊтүстік Қазақстан облысында бүгінде 800 мыӊға жуық жастар бар. Ол облыс халқыныӊ жалпы санынан 26 пайызын құрайды.

Шымкент. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында бүгінде 800 мыӊға жуық жастар бар. Ол облыс халқыныӊ жалпы санынан 26 пайызын құрайды.

Осы жастарымыздыӊ 20 мыӊға жуығы Оӊтүстік өӊіріндегі 306 өндіріс орындарында еӊбек етуде. Мәселен, "Илем БТ" шұлық шығаратын фабрикадағы ұжымныӊ 90 пайызға жуығы жастардан құрылған. Ал "Кентау трансформатор зауыты" АҚ, "ҚазТрансОйл" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Бал текстил" ЖШС, "Стандарт цемент" ЖШС, "Химфарм" АҚ, "Атамекен" корпорациясы" ЖШС-дегі жұмысшылардыӊ 50 пайыздан астамы жастар.

Бұл "Бәсекеге қабілетті - жастар" атты облыстық жұмысшы жастар форумында жұмысшы мамандықтары мен техникалық мамандықтарын насихаттау барысында мәлім болды.

Жалпы облыста қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасы бойынша мамандығы жоқ азаматтар мен еӊбек нарығыныӊ сұранысына орай 12 159 азамат мамандық алдық. Сонымен қатар, ауыл жастарын қолдап-қуаттау мақсатында облыс әкімініӊ тапсырмасымен "Ир ауылға өз шебері" акциясы аясында ауылдардағы бірінші кезектегі қажетті мамандар тізімі нақтыланып, 15 мамандық бойынша 9253 азаматқа кәсіптік білім берілсе, олардыӊ 5 150-і жастар. Ал, "Бастау-Бизнес" жобасымен 1 509 азамат кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курстарына жолданса, оныӊ ішінде 369-ы жастар. Бүгінге дейін 790 азаматқа шағын несие берілсе, оныӊ ішінде 247-і жастар болып табылады. Мұныӊ бәрі Елбасыныӊ тегін кәсіптік-техникалық білім алуды жүзеге асыру тапсырмасы бойынша орындалуда.

Бұдан бөлек, облыста жастар практикасымен 14 689 жас тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен осы уақытқа дейін 6 мыӊнан астам маман жұмысқа орналасты. 2017 жылы республика бойынша 3232 жас маманға тұрғын үй беру жоспарланса, оныӊ ішінде 9,3 пайызы немесе 303-і Оӊтүстіктіӊ үлесінде. Ал республика көлемінде 5 896 жас маманға бір жолғы көтермелеу жәрдемақысы төленсе, оныӊ ішінде 15,2 пайызы немесе 897-сі осы облыстыӊ жастары. Сондай-ақ, 315 жасқа тұрғын үй берілді.

Сонымен қатар, жастар арасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін "Ырыс" микро қаржы ұйымы 100 млн. теӊге көлемінде кепілсіз несие берілді. Бұл кемінде 50 жастыӊ өз кәсібін ашуға мүмкіндік туғызды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны