19.09.2016, 11:41 4361

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Оӊтүстік Самалы -2016" авторлық әндер фестивалі өтті

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Оӊтүстік Самалы -2016" авторлық әндер фестивалі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында "Оӊтүстік Самалы -2016" авторлық әндер фестивалі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Арыс өзенініӊ жағасында өткізілген үш күндік шараға 500-ге жуық адам қатысып, өткен жылдармен салыстырғанда қатысушылар мен көрермендер саны анағұрлым артқан.

Биылдыққа үшінші рет ұйымдастырылған халықаралық авторлық әндер фестиваліне қатысуға 70 үміткер іріктеліп алынған. Тек топты оза шауып, өз өнерімен жиналғандарды тамсандырған ресейлік қонақ Олег Деманов бас жүлдені иеленді.

Бұдан бөлек, 18 аталым бойынша жеӊімпаздар анықталды. Фестивальда еліміздіӊ барлық облыстарынан және Өзбекстан, Ресей елдерінен келген қатысушылар бақ сынасты.

Үш күндік шара ОҚО кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасыныӊ бастамасымен өткізілді. "Оӊтүстік Самалы" авторлық әндер фестивалі келесі жылы тағы да жалғасын табатын болады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, былтыр бұл іс-шара Арыс өзенініӊ жағасында бард әншілердіӊ фестивалі түрінде өтті. Үш күнге созылған мерекелік кешке Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейдіӊ шығармашыл ақын-сазгерлері қатысты. Үміткерлер сазды аспаптарда ойнап, өнерлерін ұсынды.

Ұйымдастырушыларыӊ сөзіне сенсек, ән байқауыныӊ қатысушыларына қойылған талап жоғары. Яғни, қазақ авторларыныӊ әндерінен бөлек ақын Владимир Высоцкийдіӊ шығармашылығы мен Ұлы жеӊістіӊ 70 жылдығы құрметіне арналған туындыларды орындауы тиіс болды.

Фестиваль мәресіне жеткенде 2015 жылғы байқаудыӊ бас жүлдесін Гайдар Ибиев жеӊіп алды. Владимир Высоцкийдіӊ шығармашалығын насихаттағаны үшін қаладағы Высоцкий мұражайыныӊ қор сақтаушысы Марс Садықов марапатталды.

Ал өзге де қатысушылар арнайы номинациялар бойынша жүлде емденіп, оларға сый-тарту табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны