24.09.2016, 09:39 4324

Оӊтүстік Қазақстан облысында өрт оқиғалары азайған

Оӊтүстік Қазақстан облысында өрт оқиғалары азайған. Бұл туралы кеше ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментініӊ басқарма басшысы Нұрғали Жүнісов хабарлады.

Шымкент. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында өрт оқиғалары азайған. Бұл туралы кеше ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментініӊ басқарма басшысы Нұрғали Жүнісов хабарлады.

Облыс әкімініӊ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, жазғы өрт қауіпті кезеӊде Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аумағында орман, дала және егіс алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткен жиында орман өртініӊ айтарлықтай азайғанын жеткізген спикер дала өртініӊ саны 25 пайызға, шығын 71 пайызға азайғанын айтты. Сонымен бірге, орман өртіныӊ саны да 75 пайызға, шығыны 100 пайызға кеміген. Дала алқаптарыныӊ өртке орануында да оӊ өзгеріс бар. Мұндағы төтенше жағдайлар 33 пайызға азайған.

"Өрт жағдайларыныӊ айтарлықтай азаюына өртке қарсы минералды жолақтыӊ ені 4 метрдіӊ орнына 7 метр етіп өзгеруініӊ нәтижесінде қол жеткізілді. Мамыр және шілде айларында 2 кезеӊмен жүргізілген жұмыстардан бөлек, орман шаруашылығыныӊ базасында шартты дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуларыныӊ өткізіліп отыруы да жұмыстыӊ оӊды нәтиже беруіне себеп болуда", - деді Н.Жүнісов.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында аталған департаменттіӊ бөлім басшысы Нұржан Исібеков суда болған жазатайым жағдайларға шолу жасады. Айтуынша, биылғы жаз маусымында суға кету жағдайлары көбейген. Мәселен, осы маусымда мас күйінде суға шомылудыӊ себебінен 2 адам суға батса, ересек адамдардыӊ қарауынсыз қалған 41 бала тілсіз жауға тұтылыпты. Сонымен бірге, суға шомылу маусымы кезеӊінде судағы қауіпсіздіктіӊ қарапайым қағидаларын бұзу, атап айтқанда өз күшін асыра бағалау себебінен 15 адам қайтыс болған. Дегенмен, дер кезінде атқарылған жұмыстардыӊ нәтижесінде, 18 адам, оныӊ ішінде, 3 жасөспірім бала құтқарылған. Сондай-ақ, қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында департамент мамандары 176 баланы жүзуге үйреткен.

Өӊіріміздегі ауа райыныӊ әлі де жылы екендігін алға тартқан төтеншеліктер оӊтүстікқазақстандықтарды су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларыныӊ талаптарын сақтауға шақырды. Келесі шомылу маусымында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құтқару бекеттерініӊ санын арттыру үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп жұмыс атқаруды жоспарлап отырғанын жеткізген Н.Исібеков ерікті құтқарушыларды жедел-құтқару жасақта оқытып, оларды да жұмылдыруды көздеп отырғанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны