28.10.2007, 16:24 3896

Оңтүстік Қазақстан облысында өсімдік майы делдалдарсыз сатылатын болады

Оңтүстік Қазақстан облысында өсімдік майы делдалдарсыз сатылатын болады.

Шымкент. 28-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында әкімшіліктер нарықтағы бағаны төмендету үшін өсімдік майларының делдалдарсыз сатылуын ұйымдастыруға міндетті. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында облыстық ауылшаруашылық департаменті директорының орынбасары Қанатбек Оспанбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Өсімдік майы жеткілікті. Біз бүгіннен бастап май өндірушілерден күніне 85 мың тонна май алып, сату үшін аудандарға жібереміз. Онда аудан және қалалық әкімшіліктер бір килограммын 250 теңгеден қымбат емес сатуға тисі",- деді Қ. Оспанбеков.

Қ. Оспанбековтың хабарлауынша, облыстың билік өкілдері май өндірушілермен - 25-қазаннан бастап және мақта өндеушілермен 27-қазаннан бастап екі меморандумға қол қойған. Осы меморандумдарға сәкес май өндірушілер мақта майының бір килограммын 250 теңгеден, ал мақта өңдеушілер мақтаның бір килограммын 50 теңгеден қымбат емес бағаға сатуға тиіс.

Сонымен қатар, Қ. Оспанбеков журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, мақта тұқымының сатып алу бағасы өткен жылмен салыстырғанда үш есеге өскенін, бір килограммы 16 - 18 теңгеден - 50 теңгеге өскен, ал шикі мақтаны сатып алу бағасы 48 - 53 теңгеден 55 - 67 теңгеге дейін өскендігін хабарлады.

Облыстық ауылшаруашылық департаментінің директоры орынбасарының пайымдауынша, облыста өсімдік майы бағасының өсуіне негіз жоқ. "Соңғы күндері өсімдік майының бағасы 2 - 2,5 есеге өскен. Бұл өте негізсіз, себебі біз өндіріп отырған май көлемі біздің облыстың сұранысын 1,6 есемен жабады",- деді ол.

"Мысалы, үстіміздегі жылы біз 25 мың тонна сафлор, 11 мың тонна күнбағыс өндіргенбіз және де 250 мың тонна мақта тұқымын алуды күтіп отырмыз. Облыстың өсімдік майына деген сұранысы 30 мың тоннаны құрайды, ал біз импорттық өнімдерді қоспағанда 50 мың тоннадан астам өндіреміз",- деп түсіндірді Қ. Оспанбеков.

Бұрын хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы аптада өсімдік майының бағасы күрт өскен. Бүгінде дүкендердегі бір бөтелке мақта майы 330 - 350 теңгемен, ал күнбағыс майы 400 - 500 теңгемен сатылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны