06.03.2018, 15:16 4086

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Отырарды қорғау" атты мультфильм жарыққа шықты

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Отырарды қорғау" атты анимациялық фильм көрерменге жол тартты. Тұсауы кесілген туынды Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы аясында облыс әкімі Ж.Түймебаевтыӊ идеясымен дайындалған

Шымкент. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында "Отырарды қорғау" атты анимациялық фильм көрерменге жол тартты. Тұсауы кесілген туынды Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы аясында облыс әкімі Ж.Түймебаевтыӊ идеясымен дайындалған.

Қазақ халқыныӊ тарихынан сыр шертетін шығарманыӊ салтанатты тұсау кесер рәсіміне облыс әкімі, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты. Жиында сөз алған өӊір басшысы фильмді дайындаудағы мақсатына тоқталды.

"Мемлекет басшысы мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудыӊ мүлдем жаӊа тәсілдерін ойластыру керек. Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиялық тәсілдермен де шыққаны абзал деген болатын. Бұл тапсырма өӊірімізде тиісті деӊгейде атқарылып келеді. Міне, "Отырарды қорғау" анимациялық фильмі осыныӊ дәлелі", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өӊірдегі туризм саласын дамытуға, Отырар төбесініӊ мәртебесін көтеріп, шетел азаматтарыныӊ қызығушылығын арттыруға, көнеден келе жатқан аӊыз-әӊгімелерді насихаттауға, көрерменді патриотизмге баулуға бағытталған дүние "2D, 3D" форматында жасалған.

Бұл фильмде аты аӊызға айналған көне Отырар қаласыныӊ тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті елін сүйетін екі баланыӊ бастан кештен хикаялары арқылы суреттеледі. Шығарманы тамашалаған көрермен әлемдегі екінші кітапхана атанған Отырар кітапханасы мен Ибу Насыр Ил-Фараби туралы толық мағлұматтарға қанығады. Сондай-ақ, жауды күшпен ғана емес, ақылмен де жеӊуге болатынын түсінген балалардыӊ ерлігі баяндалады.

Анимациялық фильмніӊ режиссері әрі бас суретшісі - Азамат Ерназаров, сценарий авторы - Бақытжан Құлжабай, музыкасын жазған - Руслан Шынықұлов, фильм директоры - Нуриддин Паттеев.

25 минуттық анимациялық фильмніӊ алғашқы көрсетілімінен кейін, облыс әкімі жобаға атсалықан азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

Айта кетейік, бұл Елбасымыз Н.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Ж.Түймебаевтыӊ тапсырысымен түсірілген жалғыз фильм емес. "САҚ" киностудиясы бұған дейін "Күш атасы - Қажымұқан", "Киелі Қазығұрт" мультфильм және "Көне жетігенніӊ сыры" атты 10 сериялы телехикаясын дайындады.

Бұдан бөлек, 2018 жылы Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігініӊ қолдауымен "Төле би" 10 сериялы кинохикаясын, "Түркістан", "Оқсыз оқиғасы", "Ордабасы - бірліктіӊ туы" атты анимациялық фильмдерін түсіру жоспарлануда.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны