09.07.2010, 18:25 3878

Оңтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері бірнеше есірткі саудагерін қамауға алды

А. Бейсенбаев хабарлағандай, Сарыағаш ауданында жедел шараларды жүргізу барысында есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері консерв банклеріне бөліп салынған бес келіден астам героинді сатпақшы болған есірткі саудагерлерін қамауға алған. Күдікті үш адам: олардың бірі - 37 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматы болса, қалған екеуі - 19 және 28 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Шымкент. 9-шілде. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері бірнеше есірткі саудагерін қамауға алды. Бұл туралы бүгін брифингте Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің Есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы Арман Бейсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

А. Бейсенбаев хабарлағандай, Сарыағаш ауданында жедел шараларды жүргізу барысында есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері консерв банклеріне бөліп салынған бес келіден астам героинді сатпақшы болған есірткі саудагерлерін қамауға алған. Күдікті үш адам: олардың бірі - 37 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматы болса, қалған екеуі - 19 және 28 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматтары.

"Есірткіні Өзбекстан арқылы Тәжікстаннан әкеле жатқан. Өзбек-қазақ шекарасын бұза отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы Петропавлға жеткізілгеннен кейін Ресей асуы тиіс болатын. ІІД тергеу басқармасы бұл жолғы қылмыстық топтың тұрақты және ұйымдасқан топ екенін дәлелдеді. Күдіктілер героинді Қазақстан аумағына контрабандалық жолмен әкелген", - деді А. Бейсенбаев.

Заттай айғақ ретінде 5,5 келі есірткі тәркіленді. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны