04.08.2006, 11:47 3106

Оңтүстік Қазақстан облысында прокурордың көмекшісі мен сот үкімін атқарушы ұсталды

ШЫМКЕНТ. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен прокурордың көмекшісі мен сот үкімін атқарушы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҰҚК-нің облыстық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сайрам аудандық прокурорының көмекшісі мен осы ауданның сот үкімін атқарушысы 200 доллар және 3 мың теңге көлемінде пара алған сәтте қолға түсті. Олар Аққала ауылының тұрғынынан жер телімін бөлуге қатысты сот шешімінің орындалуы үшін ақша талап еткен.

Сондай-ақ, ҰҚКД-нің шұғыл тергеу тобы облыстық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының инспекторын 30 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұстады. Ол бір ЖШС-тің директорынан лицензиялы іс-қызметпен шұғылдануға қорытынды жасап беруге пара тілеген.

Бұл деректер бойынша ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық істер қозғап, тұтқындар ҰҚКД-нің тергеу абақтысына қамалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны