28.05.2007, 17:23 3260

Оңтүстік Қазақстан облысында Ресейге тоты құстар мен тасбақаларды заңсыз алып өтпек болған Өзбекстан азаматы құрықталды

ШЫМКЕНТ. 28 - мамыр. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында Ресейге тоты құстар мен тасбақалар алып өтпек болған Өзбекстан азаматы құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісінне Шымкент бекеті полициясының желілік бөлімінен хабарлады.

Желілік бөлім кезекшісінің айтуынша, қаптарға салынған тасбақалар мен торға салынған тоты құстарды алып өтпек болған Өзбекстан азаматы вокзалдың перронында ұсталған. Ийелде ешқандай қажетті құжат болмаған, сөйтіп полицейлер тірі жүкті тәркіледі. "Санау барысында белгілі болғандай, әйел 300 ортаазиялық тасбақа мен 145 тоты құсты алып өтпек болған",- деп полицейлер.

Желілік бөлім кезекшісінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысының "Охотзоопром" РМҚК-ның аймақтық бөлімшісінің қызметкерлері тасбақаларды арнайы жасалған Арыс қорық аймағына жіберді, ал тоты құстар Шымкенттің хайуанаттар саябағына өткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны