18.10.2016, 15:55 4067

Оӊтүстік Қазақстан облысында рухани келісім күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды

Бүгінгі таӊда облыста 11 конфессияға кіретін 60 діни бірлестік жұмыс істейді.

Шымкент. 18 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "18 қазан - рухани келісім күніне" орай ұйымдастырылған облыстағы діни конфессия өкілдері арасында шағын футбол турнирініӊ қорытындысы бойынша облыс әкімініӊ кубогы, дипломдар мен сыйлықтарды табыс етті, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиында сөз алған конфессия өкілдері Қазақстанда наным-сенім еркіндігі бекем орныққанына өз ризалықтарын білдіріп, бірлестіктердіӊ бүгінгі мамыражай жағдайын баяндады.

Бүгінгі таӊда облыста 11 конфессияға кіретін 60 діни бірлестік жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаевтыӊ 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауында былай деген болатын:

"Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де "Мәӊгілік Ел" деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздіӊ қарашығындай сақтау, өз үлесіӊді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардыӊ жұмысыныӊ түпкі мәні - осы!

"Мәӊгілік Ел" идеясыныӊ бастауы тым тереӊде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз "Tүркі жұртыныӊ мұраты - Мәӊгілік Ел" деп өсиет қалдырған. Бұл біздіӊ жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздіӊ тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршеӊ ететін - Елдіӊ бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанныӊ шыққан шыӊы мен бағындырған биіктерініӊ еӊ басты себебі - бірлік, берекесі.

Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздіӊ арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімніӊ тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға теӊ мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздіӊ кейінгі ұрпаққа аманаттар еӊ басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастыӊ бойына сіӊіре білуге тиіспіз.

Ел бірлігі - біздіӊ барша табыстарымыздыӊ кілті. Тұрақты дамудыӊ қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздіӊ әлеуетін әлемге паш етеміз".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны