19.02.2018, 17:58 5065

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасымен ерекше жобалар басталады

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында Ордабасы тауында үш биге монумент орнатылып, "Қазығұрт тауы" жобасы жүзеге асырылады. Бұл екі тауда туристік инфрақұрылымдар қарастырылып, киелі, қасиетті орындарды аяқасты етпеу жақтары мұқият ескерілген

Шымкент. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында Ордабасы тауында үш биге монумент орнатылып, "Қазығұрт тауы" жобасы жүзеге асырылады. Бұл екі тауда туристік инфрақұрылымдар қарастырылып, киелі, қасиетті орындарды аяқасты етпеу жақтары мұқият ескерілген. Ал Отырар қалашығы мен Арыстанбаб кесенесін байланыстыратын ежелгі жол қайта жаӊғыртылып, оныӊ бойына ұлттық қолөнершілердіӊ шеберханалары бой түзейтін болады. Шымкент қаласындағы "Түркістан" сарайында өткен есепті кездесуінде облыс әкімі Ж.Түймебаев осылай деді.

Сондай-ақ, ол Қожа Ахмет Яссауи мұрасыныӊ XVI-ғасырда көшірілген хикметтерініӊ 100-ден астам қолжазба нұсқасын жариялау арқылы түркі дүниесініӊ рухани тұтастығын қамтамасыз ету көзделіп отырғанын атап өтті.

"Биыл облыста рухани жаӊғыру тыӊ жобалармен толықтырылып, осы жылы "Қымызмұрындық", "Қауын fest", "Агро fest", "Ақсу-Жабағылыныӊ алқызыл қызғалдағы", "Туған жерге тағзым" атты облыста дәстүрлі түрде өтетін ерекше жобалар бастау алмақ. Олардыӊ қатары Шардара ауданыныӊ туристік әлеуетін көтеру мақсатындағы туристік форум "Safari Shardara" іс-шаралары мен Сарыағашта гольфтен "Open Saryagash" жарысымен толығатын болады",-деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, облыста "Туған жер" арнайы жобасы негізінде 50 жоба дайындалып, 153 іс-шара жүзеге асырылуда. Ал "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы аясында 19 жоба, "Рухани қазына" аясында 20 жоба, "Атамекен" аясында 10 жоба, "Ақпарат толқыны" аясында 2 жоба іске асады.

Айта кетейік, аталған бағдарлама шеӊберінде "Қасиетті Қазақстан" орталығымен жалпы республика бойынша 100 нысан (қасиетті, киелі жерлер) іріктеліп алынса, оныӊ ішінде Оӊтүстік Қазақстан облысынан 25 нысан енгізілген. Ал ЮНЕСКО - ныӊ "Ұлы Жібек жолы ескерткіштері" номинациясы бойынша 8 ескерткіш осы өӊірде. Олар - Сауран, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар, Бөржар ескерткіштері. "Көне Түркістан" тұжырымдамасы 3 кезеӊге қарастырылған.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны