16.02.2018, 16:42 6323

Оӊтүстік Қазақстан облысында саятшылық өнерді ұлықтауға арналған шара өтті

Оӊтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында "Салбурын - мереке ғой саятшыға" атты этнографиялық шара өтті

Шымкент. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында "Салбурын - мереке ғой саятшыға" атты этнографиялық шара өтті. Мемлекет басшысы Н.И. Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы аясында өткен басқосуды облыстық Идет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен Түлкібас аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Шараныӊ мақсаты - саятшылық, құсбегілік өнерді қайта жаӊғырту. Мұнда қазақтыӊ төл өнерін жанына серік еткен облыстағы жігіттер қауымы бақ сынады.

Этно-танымдық шараныӊ ашылу салтанаты қатысқан белгілі жазушы Мархабат Байғұт, мәдениет саласыныӊ үздігі Жәнібек Абданбекұлы, белгілі саятшы Мұхтар Атахан ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздыӊ ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдағы мәні жайын сөз етті.

"Саятшылық, аӊшылық - бұл қазақтыӊ қанға біткен төл өнері. Мұнда ердіӊ - жігіттігі, батылдығы, ептілігі сынға түседі. Бүгінгі заманда біз осындай ұмыт бола бастаған, өскелеӊ ұрпаққа үйретуге тиіс құндылықтарымызды жаӊғыртып, көрсетіп отыруымыз керек. Бұл - әрқайсымыздыӊ парызымыз", - деді Мархабат Байғұт.

Шара аясында бүркіт баптау мен құмай тазыларды аӊшылыққа баулу, аӊға салу жайында ой-пікірлер айтылып, іс жүзінде ел алдында көрсетілді. Оӊтүстік өӊіріне белгілі құсбегі Жомарт Кеуенов пен саятшы Мұхтар Атахан өз кәсіптерініӊ қыр-сыры туралы мағлұматтар беріп, саятшылық дәстүріміз туралы толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, саятшылық пен аӊшылық жайлы қысқа метражды бейнефильм түсірілді. Танымдық шара соӊында Идет-ғұрып және салт-дәстүр орталығыныӊ директоры Жәнібек Тағаев атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп, шарада ерекше көзге түскен саятшыларды марапаттады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны