07.04.2008, 14:05 3892

Оңтүстік Қазақстан облысында сайланған төрт аудан әкімінің екеуі өз қызметінен кетті

Оңтүстік Қазақстан облысында сайланған төрт аудан әкімінің екеуі өз қызметінен кетті

Шымкент. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында сайланған төрт аудан әкімінің екеуі өз қызметінен кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданының әкімі президенттің әкімшілігіне жұмысқа ауысты. Бұл өз қызметінен мерзімінен бұрын кеткен екінші сайланған әкім.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен аптада Арыс әкімшілік аймағының әкімі Серік Тәукебаев басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылды. С. Тәукебаев ҚР президентінің әкімшілігіне Жамбыл облыстық мемлекеттік инспекторы қызметіне ауысты.

Оның орнына облыс әкімі Нұрғали Ишімов бұған дейін Арыс ауданының әкімі болған Кенжехан Төлебаевты тағайындады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 49 жастағы Созақ ауданының бұрынғы әкімі Илібек Бектаев өткен күзде пара алғаны үшін ұсталып, осы жылдың ақпан айының аяғында сегіз жылға бас бостандығынан айрылды. Оның орнына И.Бектаевтан 2005 жылғы сайлауда жеңіліп қалған Созақбай Ибдіқұлов тағайындалды.

С. Тәукебаев пен И. Бектаев 2005 жылы аудан әкімі болып сайланды. Сол кезде Оңтүстік Қазақстан облысының 15 аудан әкімінің төртеуі (Созақ, Түлкібас, Мақтаарал және Арыс әкімшілік аймағы) сынақ ретінде аудандық мәслихат депутаттары жүзеге асырған баламалы сайлауда жеңіске жетіп, лауазымды иемденген.

Сайлау нәтижесі бойынша Мақтаарал ауданында сол кездегі әкім Омарбек Нұржанов жеңіске жетті.

Түлкібас ауданында облыстық білім департаментінің директоры болған Ерғали Сарманов әкім болып сайланды. Бұрынғы аудан әкімі Дархан Мыңбай облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

В Созақ ауданында сол кездегі әкімді Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары болған Илібек Сарманов алмастырды. С. Ибдіқұлов жер ресурстары басқармасының жетекшісі лауазымына тағайындалды.

Арыс әкімшілік аймағында С. Тәукебаев сайлауда бұрынғы әкім Пернехан Садықбаевтан басым түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны