13.11.2006, 16:05 3302

Оңтүстік Қазақстан облысында саңырауқұлақтан уланған адамдардың саны екі есе артты

ШЫМКЕНТ. 13-қараша. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында өткен демалыс күндері саңырауқұлақтан уланған адамдардың саны екі есе артты. Бұл туралы облыстық аурухананың токсикология бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Матаев журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today .

"Өткен демалыс күндері бізге саңырауқұлақтан уланған 16 адам жеткізілді. Бүгін түнде 8 жасар ұл реанимацияда қайтыс болды. Бұл осымен екінші өлім. Өткен аптаның аяғында бір әйел қайтыс болған. Тағы 7 адам әл үстінде жатыр",- деді С.Матаев.

Облыстық аурухананың токсикология бөлімі меңгерушісінің айтуынша, адамдар қозықұйрық іспетті саңырауқұлақтан уланған. "Ауру белгілері адамдардың осы саңырауқұлақтан уланғанын білдіреді",- деді Қ.Матаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шымкентте өткен аптада жиырма адам саңырауқұлақтан уланып, облыстық аурухананың токсикология бөліміне жатқызылған. Қазіргі жағдаймен зардап шеккендердің саны 35 адамға жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны