22.02.2007, 17:00 3040

Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқыны ахуалы асқынбайды деп күтілуде

ШЫМКЕНТ. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қатысты ахуал асқынбайды деп күтілуде. Журналистерге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің директоры Уәлихан Ережепов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Егер кенеттен күн жылынып кетпесе немесе қатты жаңбыр жаумаса, онда айтарлықтай қиындық тумайды",- деп санайды Уәлихан Ережепов. - Қазір "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің Оңтүстік Қазақстандағы бөлімшесінің мамандары таулардағы қардың қалыңдығын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Олардан алған мәліметтер таулы өзендердегі ахуалды болжауға мүмкіндік береді".

Уәлихан Ережепов өткен жылы облыста тасқынға қарсы жасалған іс-шараларға қатысты үлкен дайындық жұмыстары жүргізілген деп санайды. "17 су қоймалары мен 10 ірі гидроқұрылғыға жалпы көлемі 114 млн теңгені құрайтын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің аймақтық техникалық басқармасы Бадам өзенінің сол жақ жағалауындағы бөгетке 15 млн теңгеге ағымдағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген",- деп хабарлады Уәлихан Ережепов.

Оның сөздеріне сүйенсек, Шардара су қоймасынан апаттық жағдайда су жайылғанда тасқынға жол бермеу үшін Отырар ауданы мен Түркістан әкімшілік зонасының аумағында Сырдария суының деңгейін қадағалау бөлімдері құрылған. "Бүгінде өзеннің суды өткізу деңгейі секундына 450 текше метрді құрайды,- деп түсіндірді Уәлихан Ережепов. - Ал арна бұдан екі жарым есе артық су қабылдай алады. Ал қаңтардың аяғында мұздың еріп кетуі де жағдайды біршама жеңілдете түсті".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны