29.03.2007, 17:58 3381

Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан бірнеше көпір бұзылды

ШЫМКЕНТ. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында тасқын судан бірнеше көпір бұзылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 27-наурызда Бесерек өзенінің тасқын суы Хантағы ауылындағы (Кентау мыңындағы) көпірді шайып кеткен. Соның салдарынан Назаров көшесіндегі 50 үй ауылдан үзіліп қалды. Құрбан болғандар мен бұзылған ештеңе жоқ. 28-наурызда жауған нөсер жауынның салдарынан Ащысай, Байылды және Қарнақ (Кентау маңындағы) ауылдарында екі көлік жолдары көпірінің қиябетін және құбыр көпірін, сонымен қатар өзен жағалауын су шайып кеткен.

Сонымен қатар, Төлеби ауданының Көксерек округінен, Досалы би көшесінде орналасқан бірнеше үйді арықтан лықсыған су басып бара жатқандығы туралы хабар келді.

Барлық хабарлар бойынша төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барып, Көксерек округінде трактор және басқа техникалардың көмегімен арық тазаланған, қазіргі уақытта су басу қаупі төніп тұрған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны