13.03.2007, 17:47 3506

Оңтүстік Қазақстан облысында судья мен сот орындаушысы қылмыстық жауапқа тартылды

ШЫМКЕНТ. 13-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында судья мен сот орындаушысы өкілеттігін теріс пайдаланғаны мен пара алғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Дәурен Тұрғынбай хабарлады.

"Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері Кентау қалалық сотының судьясының заңсыз әрекетін әшкереледі. Оның шешіміне сәйкес, мүдделі жақ асыраушысынан айрылғаны жөніндегі жәрдемақыны негізсіз алып келген",- деді Д. Тұрғынбай.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, әзірге осындай екі дерек анықталды, қазіргі уақытта осы судья қараған барлық істерге тексеру жүргізілуде. "Аталмыш дерек бойынша бас прокурор Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің өкілеттігін теріс пайдалану жөніндегі 307-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады",- деп хабарлады Д. Тұрғынбай.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаржы полициясының қызметкерлері сот администраторларының Шардара бөлімшесінің аға сот орындаушысының ақша боспалау дерегін анықтады. "Жүгінген адамның білместігін пайдаланған ол, одан берешекті өтеп беру жөніндегі шағымның мерізімін ұсарту үшін 18 мың теңге талап еткен. Ал, заңға сәйкес, мұндай істі тек сот қана қарауға тиіс",- деп түсіндіреді баспасөз хатшысы.

Сот орындаушысын ұстау барысында оның қалтасынан белгі соғылған 16 мың теңге табылды. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311,-бабының 2-тармағы бойынша (пара алу) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны