20.04.2011, 13:08 3734

Оңтүстік Қазақстан облысында такси жүргізушісін өлтірді деген күдікті ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында такси жүргізушісін өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шымкент. 20 - сәуір. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында такси жүргізушісін өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияның кезекші бөліміне 23 жастағы жігіт қоңырау шалып, өзінің 43 жастағы әкесінің ВАЗ-2106 көлігімен үйден шығып кетіп, қайтып оралмағандығы туралы хабарлаған. Полиция іздестіру ісін қозғаған болатын.

"Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 1989 жылы туған Түркістан қаласының тұрғынын құрықтаған. Күдікті қылмыс жасағандығын мойындаған. Белгілі болғандай, ол кеше мас күйінде такси тоқтатады. Үйіне жеткен ол ақша төлемейтіндігін айтады. Осыдан кейін такси жүргізуші болмағанда ұялы телефонын беруін сұрайды. Ақырында араларында ұрыс шығып, күдікті жүргізушіні тұншықтырып, пышақпен тамағынан орып жіберген. Таңертең есін жиған ол жасаған ауыр қылмысын жасыру үшін өлі денені бөлшектеп, көлікті қала шетіне апарып өртеп жіберген",- деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Photo: tripblog.ru

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны