30.09.2016, 18:41 6655

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Тәуелсіздіктіӊ жиырма бесінші алтын күзі" атты іс-шара өтті

Газ құбыры құрылысыныӊ аяқталғаны және ауыл шаруашылығыныӊ жылдық қорытындысына арналған жәрмеӊкеге ауылдық округтерден келген ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерініӊ өнімдері қойылды.

Шымкент. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кеше Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Бәйдібек ауданында "Тәуелсіздіктіӊ жиырма бесінші алтын күзі" атты іс-шара өткізілді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Газ құбыры құрылысыныӊ аяқталғаны және ауыл шаруашылығыныӊ жылдық қорытындысына арналған жәрмеӊкеге ауылдық округтерден келген ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерініӊ өнімдері қойылды.

Аудан орталығындағы "Тәуелсіздік" алаӊында киіз үйлер тігіліп, қолөнер бұйымдарыныӊ көрмесі өтті. Мерекелік іс-шарада аудан әкімі Батырбек Көшербай құттықтау сөз сөйледі. Ол негізінен мал шаруашылығымен аты шыққан Бәйдібек ауданында өз ісініӊ нағыз майталмандарына айналған мамандар көп екенін айтты. Ауыл шаруашылығы саласында аянбай тер төгіп жүрген озат еӊбеккерлерді арнайы марапаттап, олардыӊ істеріне табыс тіледі.

Осы жәрмеӊкеде аудан орталығын газдандыру жұмыстарын жандандыруда еӊбегімен көзге түскен жобалаушы және құрылыс компанияларыныӊ басшылары да марапатталды. Атап айтсақ, "Бақыт АБК" ЖШС-ніӊ директоры Ж.Сауырбаев пен құрылыс жұмыстарын жүргізген "Отау строй" ЖШС-ніӊ директоры А.Илімбекке аудан әкімініӊ алғыс хаты тапсырылды.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында инфрақұрылымды дамыту мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Өӊірлерді дамытуға арналған бағдарламалар аясында республикада түрлі жұмыстар қолға алынды. Міне, соныӊ бір көрінісі ретінде Бәйдібек ауданына "көгілдір отын" жеткізетін құбырлардыӊ тартыла бастағанын айтуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны