12.12.2011, 14:49 4543

Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма бұйымдарының өндірісі іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа кәсіпорын - "Шымкент-Кашемир" ЖШС-нің дайын тоқыма бұйымдары өндірісі іске қосылды. Жаңа жобамен облыс әкімі Асқар Мырзахметов таныстырды.

Шымкент. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма бұйымдарының өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа кәсіпорын - "Шымкент-Кашемир" ЖШС-нің дайын тоқыма бұйымдары өндірісі іске қосылды. Жаңа жобамен облыс әкімі Асқар Мырзахметов таныстырды.

Икімнің айтуынша, Индустрияландыру картасының аясында 2011 жылы облыста 28 инвестициялық жоба іске асырылып, 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада "Сарыарқа" спорт кешенінде Елбасының қатысуымен Индустрияландыру картасының 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында іске қосылған жобаларының тұсаукесер рәсімі бойынша жалпыұлттық телекөпір өтуде. ІІ жартыжылдықта жалпы сомасы 902 млрд. теңгенің 162 жобасы іске қосылып, 35 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын айта кету керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны