27.10.2016, 14:20 4401

Оӊтүстік Қазақстан облысында тоқыма өнеркәсібіне арналған халықаралық көрме өтуде

Екі күнге жалғасатын халықаралық көрменіӊ ашылу салтанатына қатысқан Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев "Machtex 2016" көрмесі тоқыма өнеркәсібіне арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған іс-шара болып табылатынын айтты.

Шымкент. 27 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкент қаласында "Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар - MACHTEX-2016" II қазақстандық халықаралық көрмесі мен форумы өтуде, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Екі күнге жалғасатын халықаралық көрменіӊ ашылу салтанатына қатысқан Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев "Machtex 2016" көрмесі тоқыма өнеркәсібіне арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған іс-шара болып табылатынын айтты.

Көрмеге Қазақстан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдерінен 50-ден астам компания қатысуда.

"Machtex 2016" көрмесініӊ қатысушылары тоқыма өнеркәсібіне арналған жабдық, мата мен ұсақ - түйек заттар, өнеркәсіп компанияларына арналған арнайы киім, сервистік қызмет көрсетуге арналған бірыӊғай формалар мен мектеп формасын, ұлттық киім, балалар мен үйге арналған тоқыма және кілем өнімдерін, ерлер мен әйелдерге арналған киім кешектер ұсынуда.

Форум аясында Қазақстан Республикасында жеӊіл өнеркәсіпті дамытудыӊ болашағы мен дамуы жайы және тоқыма өнеркәсібініӊ инвестициялық әлеуетін арттыруға арналған тәжірбиелік жұмыстар өткізіледі. Аталған форум жұмысына осы саланыӊ 2 мыӊнан астам мамандары қатысады.

Айта кетейік, бүгінгі таӊда Оӊтүстік Қазақстан облысында 2 ірі кілем фабрикасы мен дайын өнім шығарудан шикі мақта өсіруден матаға дейінгі жабық циклін жүзеге асыратын "Азала текстиль" фабрикасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыста шұлық шығаратын және дайын тоқыма бұйымдары мен арнайы киім тігетін фабрикалар іске қосылған.

Шымкенттегі "Оӊтүстік" АЭА-та бүгінде құны 27,8 млрд. теӊге болатын 10 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 2 мыӊнан астам азамат жұмыспен қамтылды. Ал 2010-2015 жылдар ішінде жеӊіл өнеркәсіп өнімдерініӊ көлемі 2 есеге өсті. Яғни 11,2 млрд.теӊгеден 21,7 млрд. теӊгеге дейін өскен.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны