30.11.2016, 20:44 6464

Оӊтүстік Қазақстан облысында тұӊғыш президент күні мерекесі салтанатты түрде атап өтілді

"Түркістан" сарайындағы "1 желтоқсан - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күні" мерекелік жиынына қатысып, сөз бастаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша облыс тұрғындарын атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттік мерекеніӊ еліміз үшін маӊызы тереӊдігіне тоқталды.

Шымкент. 30 қараша. Kazakhstan Today - "1 желтоқсан - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күні" мерекелік шарасын оӊтүстікқазақстандықтар салтанатты түрде атап өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Түркістан" сарайындағы "1 желтоқсан - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күні" мерекелік жиынына қатысып, сөз бастаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша облыс тұрғындарын атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттік мерекеніӊ еліміз үшін маӊызы тереӊдігіне тоқталды.

"Қазақстанныӊ әлемде өзіндік орны бар ел болып орнығуына, қарқынды дамуына еліміздіӊ сыртқы және ішкі саясатындағы жетістіктеріне Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ сіӊірген еӊбегі зор. Мемлекеттіӊ сыртқы саяси бағытын дәл айқындап, шетелдермен достық қарым-қатынас орната білді. Елбасыныӊ жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатыныӊ арқасында еліміз ешбір саяси және әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға ұшыраған жоқ. Дербес дамудыӊ өтпелі кезеӊіндегі сынақтарды сәтті еӊсерді. Дағдарыстар кезінде де тоқтап қалмады. Алға қарай ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты", - деді Ж.Түймебаев.

Мұнан соӊ, аймақ басшысы облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан 15 сала үздігін облыс әкімініӊ Алғыс хатымен марапаттады.

Іс-шарада опера және балет театрыныӊ әншілері Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президентіне арналған "Елбасы" туралы әнді орындады.

Сонымен қатар, мерекелік думан Қазақстан Республикасы Президентініӊ өмірі мен қызметіне арналған "Елбасы жолы" киноэпопеясыныӊ жалғасы болып табылатын "Жұлдыздар тоғысқанда" көркем фильмімен жалғасын тапты.

Жаӊа фильм Н.Назарбаевтыӊ өміріндегі аса қызықты кезеӊді - Елбасыныӊ 1984 жылғы Қазақ КСР Министрлер кеӊесініӊ төрағасы қызметіне тағайындалып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасыныӊ Президенті болып сайланғанға дейінгі уақытты және одан кейінгі алғашқы кезеӊді қамтиды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны