07.10.2016, 09:17 4366

Оӊтүстік Қазақстан облысында туристік шатырлы қалашық салынады

Еске салайық, кеше өз жұмысын бастаған "Ontustik Tourism-2016" туристік форумы туризм саласындағы өӊіраралық және халықаралық серіктестіктерді дамытуға және іскерлік қатынастарды орнатуға мүмкіндік береді. Форумға 300-ден астам қазақстандық және шетелдік қонақтар қатысуда.

Шымкент. 7 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында туристік шатырлы қалашық салынады. Мұндай келісімге "Ontustik Tourism-2016" Халықаралық туристік форумы барысында қол жеткізілді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

"Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ аумағында салынатын "Эко Кэмпинг" жобасыныӊ құрылысы келер жылы басталады. Халыққа қол жетімді бағада ұсынылатын шатырлы қалашық туристке қажетті барлық жабдықтармен қамтылатын болады. Тағы бір айта кететін жайт, мұндағы жарықтандыру күн батареялары есебінен жүзеге асады. Оӊтүстіктіӊ туристік әлеуеті мен тау туризмін және альпинизмді дамыту мақсатында қолға алынған жобаны "Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ мен "Ontustik" альпинизм Федерациясы бірлесе іске асырмақ. Сонымен қатар, бүгінгі туристік форумда бірқатар шетелдік компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында 7 меморандумға қол қойылды. Олар, Сарыағашта жаӊа курорт қалашығын салу, туризм мектебін құру ж?не халықаралық автод?ліз жолыныӊ бойында қызмет көрсететін бірқатар нысандарды салу жобалары болып табылады. Сондай-ақ, шара барысында өӊірге инвестиция тарту бағытында бірқатар келісімдер жасалды.

Еске салайық, кеше өз жұмысын бастаған "Ontustik Tourism-2016" туристік форумы туризм саласындағы өӊіраралық және халықаралық серіктестіктерді дамытуға және іскерлік қатынастарды орнатуға мүмкіндік береді. Форумға 300-ден астам қазақстандық және шетелдік қонақтар қатысуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны