29.01.2018, 17:05 5709

Оӊтүстік Қазақстан облысында Түркістанға былтыр зиярат етуге 1 миллионнан астам адам келді

"Қожа Ахмет Ясауи қорық-музейінде жерленген хандар, сұлтандар, батырлар және билердіӊ тізімі электронды форматта әзірленген. Бұған дейін аталған тізім жай ғана тақтайшаға жазылып келген. Қазіргі таӊда қорық-музейдіӊ жұмыс істеу кестесі, өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат келушілерге ғимараттыӊ қасбетінде орналасқан "Led" экран арқылы ұсынылып отырады

Шымкент. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ рухани астанасы саналатын Түркістан қаласына өткен жылы зиярат етіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді тамашалауға 1 090 755азамат келген. 2016 жылы бұл көрсеткіш 1 015 088 болғанын ескерсек, зиярат етіп келушілердіӊ саны 75 667-ге артқанын аӊғаруға болады. Оныӊ 18 мыӊы шетелдік туристер. Бұл туралы "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорыныӊ орынбасары Ғани Искаков мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша, қорық-музейініӊ тізіміне сәулеттік, археологиялық, діни-рухани және монументті түрлерге жататын 207 ескерткіш алынған. Оныӊ 1-еуі халықаралық, 16-сы республикалық, 14-і жергілікті маӊызы бар нысандардыӊ санатына кіреді.

"Туристердіӊ ерекше қызығушылығын оятатын тарихи нысандар, Қожа Ахмет Ясауи, Үкаша ата, Гаухар ана кесенелері және Сауран қалашығы. Жылдан жылға тарихи-мәдениетімізбен танысу үшін арнайы келетін қонақтардыӊ саны артып келеді. Сәйкесінше оларға көрсетілетін ақылы қызмет аясында түсетін қаржылай табыстыӊ да көлемі ұлғаюда. Жалпы ақылы қызметтен түскен қаражат музейдіӊ материалдық-техникалық базасын нығайтуға, күзет, байланыс, электр энергиясы, инкассация, полиграфиялық шығындарын, транспорттық және қорық-музей қызметкерлерініӊ жалақысын төлеуге жұмсалады", - деді Ғани Искаков.

Қорық-музейіне келетін туристердіӊ қатарын арттыра түсу үшін бірқатар шаралар жүзеге асуда. Атап айтқанда, тарихи-мәдени ескеткіштерге "штрих-кодтар" орнатылды. Осы "штрих-код" арқылы смартфонныӊ көмегімен туристер тарихи нысан туралы қажетті мағлұматты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ала алатын болады.

Сондай-ақ, "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі құрамына кіретін ескерткіштердіӊ 3D-тур виртуальды жобасы да пайдаға жарап тұр. Яғни, әлемніӊ кез-келген жерінен интернет жүйесі арқылы қорық-музейініӊ жәдігерлері жайлы толықтай ақпарат алып, ішін аралап көруге мүмкіндік туды.

Ал, "Қожа Ахмет Ясауи қорық-музейінде жерленген хандар, сұлтандар, батырлар және билердіӊ тізімі электронды форматта әзірленген. Бұған дейін аталған тізім жай ғана тақтайшаға жазылып келген. Қазіргі таӊда қорық-музейдіӊ жұмыс істеу кестесі, өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат келушілерге ғимараттыӊ қасбетінде орналасқан "Led" экран арқылы ұсынылып отырады.

Айта кетейік, заманауи технологияларды пайдалана отырып, қонақтарға көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту жұмыстары Елбасымыздыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы аясында іске асырылуда.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны