25.06.2007, 18:20 2910

Оңтүстік Қазақстан облысында ҰБТ бойынша орташа балл өткен жылғы көрсеткіштен біршама артқан; Отырар ауданында түлектердің үштен екі бөлігі 100-ден жоғары балл жинады

Оңтүстік Қазақстан облысында ҰБТ бойынша орташа балл өткен жылғы көрсеткіштен біршама артқан; Отырар ауданында түлектердің үштен екі бөлігі 100-ден жоғары балл жинады

ШЫМКЕНТ. 25 -маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ҰБТ бойынша орташа балл өткен жылғы көрсеткіштен біршама артқан; Отырар ауданында түлектердің үштен екі бөлігі 100-ден жоғары балл жинады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Облыстық білім беру департаментінің мәліметіне сәйкес, облыс бойынша биыл бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесіндегі орташа балл 76,09, ал 2006 жылы - 64 балл, 2005-жылы - 61 балл болған. Ал "Алтын белгі" иегерлерінің саны екі есеге жуық өскен. Оңтүстік Қазақстан облыстық 384 түлек "Алтын белгі" алды, ал былтыр олардың саны 211 болған.

Бұрын жақсы үлгерімімен көзге түспеген аудандарда ең жоғары көрсеткіштер тіркелді. Мәселен, Отырар ауданында БҰТ-ге қатысқан 772 түлектен 500-ден астамы 100-ден жоғары балл жинады. Облыс бойынша орташа балл 98,71 болды.

Оңтүстік Қазақстан облысының ресми органдары түлектердің білім деңгейінің биылғы күрт көтерілу себептеріне қатысты түсініктеме беруден қашқақтап отыр. Алайда, күш құрылымдарындағы ақпарат көзінің Kazakhstan Today тілшісіне хабарлауынша, тексеру қорытындысы түлектердің дұрыс жауаптардың кілтін кең көлемде пайдаланғанын көрсеткен. Алайда, ақпарат көзінің айтуынша, тестілеуден кейін қандайбір дәлел табу қиындық тудырып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны