29.09.2016, 09:12 4408

Оӊтүстік Қазақстан облысында Ұлт жоспарыныӊ "Біртектілік пен бірлік" деп аталатын төртінші бағытыныӊ өӊірде орындалуы туралы есеп берілді

Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты тұғырынан түсірмеу бағытында атқарылып жатқан кешенді шараларға кеӊінен тоқталған хатшылық меӊгерушісі ел бірлігін бекемдеу, этносаралық татулықты нығайту және "Мәӊгілік Ел" патриоттық актісін дәріптеу мақсатында 189 іс-шара ұйымдастырылып, оған 215 мыӊнан астам тұрғынныӊ қамтылғанын жеткізді

Шымкент. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мақсатымыз - қоғамдық келісімді қамтамасыз ету. Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде Ұлт жоспарыныӊ "Біртектілік пен бірлік" деп аталатын төртінші бағытыныӊ өӊірде орындалуы туралы өткен баспасөз мәслихатында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары, облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығыныӊ меӊгерушісі М.Қалмұратов айтты, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты тұғырынан түсірмеу бағытында атқарылып жатқан кешенді шараларға кеӊінен тоқталған хатшылық меӊгерушісі ел бірлігін бекемдеу, этносаралық татулықты нығайту және "Мәӊгілік Ел" патриоттық актісін дәріптеу мақсатында 189 іс-шара ұйымдастырылып, оған 215 мыӊнан астам тұрғынныӊ қамтылғанын жеткізді. Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеген жаӊа функционалдық бағыттар аясында оӊтүстікте тындырымды тірліктердіӊ жүріп жатқанын хабарлап, аймақта ұйымдастырылған қайырымдылық шараларыныӊ арқасында 27 мыӊнан астам азаматқа көмек көрсетілгенін жеткізді. Облыстағы этномәдени бірлестіктердіӊ ұйытқы болуымен тұрмысы төмен және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 260 балаға 2,6 миллион теӊге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілгенін айтты. Сондай-ақ, облыстағы Қоғамдық келісім кеӊестері мен Аналар кеӊестерініӊ татулықты сақтау және ұрпақ тәрбиесі бағытында атқарған ауқымды жұмыстарын баяндады.

М.Қалмұратов "Мәӊгілік Ел" патриоттық актісіндегі жеті тұғыр ассамблея қызметініӊ басты бағдары ретінде атқарылатын іс-шаралардыӊ өзегі болып айқындалғанын айтты.

Брифинг барысында облыстық ассамблея хатшылығыныӊ меӊгерушісі өӊірдегі этносаралық ахуалға тоқсан сайын зерттеулер жүргізіліп, сараптама жасалатынын, сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердіӊ 97,7 пайызы өздерін біртұтас Қазақстан халқыныӊ өкілі екендігін мақтан тұтатындығын айтып, бұл осы саладағы жүйелі жұмыстыӊ мақсатты түрде нәтижелі іске асып келе жатқанын аӊғартады деді.

Оӊтүстік Қазақстан облысында республика халқыныӊ 15%-ы тұрады (2011 жылғы көрсеткіш бойынша). Тұрғындарыныӊ орташа тығыздығы 1 км-ге 18,6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі еӊ жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді) және халық саныныӊ табиғи өсуініӊ еӊ жоғары шамасына (32,5 мыӊ адамнан астам) жетті. Облыс халқыныӊ басым бөлігін қазақтар (70,24%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), әзірбайжан, тәжік, түрік, тағы да басқа ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарыныӊ 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.

Оӊтүстік Қазақстан облысы халқыныӊ саны 2015 жылы 2 788 404 адамды құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны