03.10.2006, 10:13 2853

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 72 бала мен 8 әйелде анықталды

ШЫМКЕНТ. 3-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 72 бала мен 8 әйелде анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау департаменті бүгін таратқан баспасөз баянында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне сәйкес, ВИЧ індеті сондай-ақ 8 әйелден анықталды.

Ауру жұқтырған 72 баланың бесеуі қайтыс болып, 20 бала емделуде. Соның ішінде 7 бала антиретровирустық емдеуден өткізілуде. 11 бала жұқпалы аурулар ауруханасының арнайы бөлімшесінде жатыр.

Ауру жұқтырған балалармен қарым-қатынаста болған балалардың нақты тізіміне 10 175 бала енгізілсе, оның 9093-і тексерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны