19.02.2008, 18:22 3009

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 147 бала тіркелді -денсаулық сақтау департаменті (толықтырылған нұсқа)

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында 2005 жылдың аяғы мен 2006 жылдың қыркүйек айлары аралығында медициналық ұйымдарда ем қабылдау кезінде ВИЧ індетін жұқтырған 147 бала тіркелді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау департаметнінің директоры мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Шымкент. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында 2005 жылдың аяғы мен 2006 жылдың қыркүйек айлары аралығында медициналық ұйымдарда ем қабылдау кезінде ВИЧ індетін жұқтырған 147 бала тіркелді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау департаметнінің директоры мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2006 жылдың 1 қазанынан кейін індет жұқтыруға қатысты қосымша оқиға тіркелген жоқ", - деді В. Дудник.

Облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Артур Ибдіразақовтың хабарлауынша, "соңғы екі оқиғада Шымкент пен Сайрам ауданының үш және бес жастағы екі баласы індет жұқтырғандығы анықталды. Олар 2006 жылы облыстық ауруханада жатқан. Олар індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандардың санатынан анықталды".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жуырда ғана ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды, бірақ оның жынысы, жасы мен тұрғылықты жеріне қатысты мәліметтер айтылған жоқ.

Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 147-ге жетті, олардың оны қайтыс болды, бұған қоса 17 анадан індет анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны