25.03.2007, 12:52 3289

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 103-ке жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 103-ке жетті

ШЫМКЕНТ. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 103-ке жетті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД орталығының баспасөз қызметі құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2002-жылы туған тағы бір бала Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында анықталған. Ол аудандық ауруханаларға екі мәрте жатқызылып, республика аумағынан тысқары жерде екі мәрте емделген. Қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде.

Сөйтіп, бүгінгі жағдаймен ВИЧ індеті Оңтүстік Қазақстан облысындағы 103 баладан (олардың сегізі қайтыс болған, біреуін шетелге алып кеткен), сонымен қатар ВИЧ індетін жұқтырған 13 баланың анасынан анықталып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны