18.06.2007, 11:58 1285

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 118-ге жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 118-ге жетті

ШЫМКЕНТ. 18-маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 118-ге жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық СПИД орталығынан хабарлады.

"2004-2005-жылдары туған тағы 4 бүлдіршіннің індет жұқтырғаны анықталды. Олар бұған дейін анықталған ауру ошағына қарасты",- деді баспасөз хатшысы.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңадан анықталған балалар Сарыағаш, Сайрам, Төле би аудандары мен Шымкентте тұрады. Олардың ата-аналары зерттеуден өтті, үш жағдайда балалардың анасы аурудан аман болып шықса, біреуінің анализдері күдік тудыруға байланысты тексеріліп жатыр.

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 9 бала қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен. 14 әйелден індет вирусы табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны