12.09.2006, 18:27 2904

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 52-ге жетті

АСТАНА. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 52-ге жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"2006-жылдың 12-қыркүйегіндегі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны үшке артып, 52-ге жетті",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Тағы үш баланың қанын республикалық СПИД орталығы тексеріп жатса, тағы бір баланың қаны жеткізілу үстінде.

Мекеме ақпаратына сәйкес, қазір дерт жұқтырған 52 баланың бесеуі антиретровирустық емдеуден өтіп жатса, үшеуі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында стационарлық емдеуде, тағы екеуі стационардан шығып, өз үйлерінде емделуде.

Мекеменің хабарлауынша, "Оңтүстік Қазақстан облысында балаларды тексеру барысын жеделдету үшін СПИД кеселінің алдын алу және онымен күресу жөніндегі аумақтық орталықтардан қосымша 15 маман (10 эпидемиолог пен 5 дәрігер-лаборант) жолданды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны