28.09.2006, 17:31 3083

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 69-ға жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 69-ға жетті

ШЫМКЕНТ. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 69-ға жетті, бес бала қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау департаменті штаб отырысында таратқан баспасөз баянында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сонымен бірге індет жұқтырған бес баланың анасынан да ВИЧ індетінің қоздырғышы анықталды. Қазіргі жағдаймен СПИД орталығының республикалық зертханасында 8 бала мен 14 әйелдің сынамалары тексерілуде.

Жалпы аланда облыстық СПИД-пен күрес орталығында 2006-жылдың 3-шілдесінен бері ВИЧ індетіне 28 710 зерттеу жүргізілді. 12 285 баланың 8900-ы тексерілді. Тексеруден өтуге тиіс 175 донордың 166-сы тексерілген. Сонымен бірге облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне сәйкес, қазір 6 донор іздестіріліп жатыр, бір студент қыз Ресейде оқуда жүрсе, екі донор қайтыс болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны