06.03.2007, 11:34 3428

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 94-ке жетті

ШЫМКЕНТ. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 94-ке жетті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабина балалардың ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне орай өтіп жатқан сот мәжілісінде құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Сөйтіп бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 94 -ке жетті, сегізі қайтыс болды, сондай-ақ, 13 әйелден індет анықталды",- деді Н.Бабина.

ШЫМКЕНТ. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 94-ке жетті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабина балалардың ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне орай өтіп жатқан сот мәжілісінде құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сөйтіп бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 94 -ке жетті, сегізі қайтыс болды, сондай-ақ, 13 әйелден індет анықталды",- деді Н.Бабина.

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы оқиға өткен аптада анықталған. Бұл Шардара ауданының екі жасар баласы, ол 2005-жылдың желтоқсан айы мен 2006-жылдың қаңтар айлары аралығында, сондай-ақ, 2006-жылдың ақпан айында облыстық балалар ауруханасында "сепсис" деген диагнозбен екі мәрте жатқан.

Облыстық СПИД орталығының бас дәрігері сотқа куәгер ретінде шақырылған. Ол 5-наурызда таңертеңгі және кешкі отырыста сұрақтарға жауап бере бастаған, оны тыңдау 11-наурызда кезекті отырыста аяқталады.

Сот мәжілісі барысында Н.Бабинаға көптеген сұрақтар қойылды. Мәселен, айыпкерлердің адвокаттары дерттің перзентханаларда жұғуы мүмкін бе деген сауал қойды. Бұл жорамалды Н.Бабина жоққа шығарды: "егер бұл оқиға перзентханалармен байланысты болса, онда ауру жұқтырғандар саны мыңдап саналар еді", деді ол. Сондай-ақ, донорларға байланысты да көп сұрақ қойылды. Н.Бабинаның хабарлауынша, "қандары тек ауру жұқтырған балаларға құйылған" үш донор тексеруден өткен жоқ, себебі олар шетелдерде жүр.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы төрайымы Нұрсұлу Тасмағамбетованың адвокаты айыптау қорытындысында аталған, ВИЧ жұқтырған балалар мен аналарға жүргізілген генотиптік зерттеулерге қатысты барлық материалдардың сотқа берілуін өтінді. Н.Бабина материалдар мерекеден кейін сотқа жолданады деп уәде берді.

Сонымен бірге адвокаттар генотиптік сараптаманы қайта жүргізуге бола ма деп сұрады. Ал бас дәрігердің айтуынша, облыстық СПИД орталығында ондай зерттеу жүргізу мүмкін емес. Оның айтуынша, халықаралық CDC ұйымымен уағдаластыққа сәйкес осы ұйымның мамандары балалар мен аналардың ауру жұқтыру жолдарын анықтау үшін жуырда облысқа келмекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны