15.03.2007, 16:02 3272

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 96-ға жетті

ШЫМКЕНТ. 15-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 96-ға жетті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Айжан Омарова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Тағы екі баланың ВИЧ індетін жұқтырғандығы анықталып отыр: біреуі, 2002 жылы туған Сайрам ауданынан, екіншісі Түркістанда 2003 жылы дүниеге келген",- деп хабарлайды баспасөз хатшысы. А. Омарованың сөздеріне сүйенсек, Сайрам ауданынан келген бала Қарабұлақ ауылының ауруханасында "өкпенің қабынуы, туадан жүрек ақауы" диагнозымен емделген. Одан кейін ол осы диагнозбен бес рет облыстық балалар ауруханасында емделген. Баланың анасы ВИЧ індетін жұқтырмаған.

ШЫМКЕНТ. 15-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 96-ға жетті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Айжан Омарова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тағы екі баланың ВИЧ індетін жұқтырғандығы анықталып отыр: біреуі, 2002 жылы туған Сайрам ауданынан, екіншісі Түркістанда 2003 жылы дүниеге келген",- деп хабарлайды баспасөз хатшысы.

А. Омарованың сөздеріне сүйенсек, Сайрам ауданынан келген бала Қарабұлақ ауылының ауруханасында "өкпенің қабынуы, туадан жүрек ақауы" диагнозымен емделген. Одан кейін ол осы диагнозбен бес рет облыстық балалар ауруханасында емделген. Баланың анасы ВИЧ індетін жұқтырмаған.

Екінші бала 2004 жылы Түркістандағы жеке меншік ауруханада "өткір респираторлық індет, екінші дәрежелі қан аздық" диагнозымен емделген. Одан кейін Түркістандағы қалалық балалар ауруханасында "өткір респираторлық індет, бірінші дәрежелі қан аздық, улы гепатохолецистит". Келесі жолы ол Ташкент (Өзбекстан) ауруханасында емделіп, онда оған қан плазмасын құйған. Бала шымкенттік ауруханаларда жатпаған. Бұл баланың анасынан ВИЧ індеті әлі анықталған жоқ.

Бүгінгі күнмен ВИЧ індеті Оңтүстік Қазақстан облысындағы 96 баладан (олардың сегізі қайтыс болған, біреуін шетелге алып кеткен), сонымен қатар ВИЧ індетін жұқтырған 13 баланың анасынан анықталып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны