25.01.2007, 11:27 3141

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны тағы біреуге артты

ШЫМКЕНТ. 25-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "24-қаңтардағы жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 88 болды",- деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы агенттік тілшісіне. "Ал ВИЧ індетін жұқтырған әйелдердің саны өзгерген жоқ",- деді ол. Сөйтіп, қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 88 бала мен олардың 12 анасынан анықталды. Індет жұқтырған 8 бала қайтыс болып, бір баланы асырап АҚШ-қа алып кеткен, тағы екі баланың отбасы облыс аумағынан тысқары жерде жүр.

ШЫМКЕНТ. 25-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"24-қаңтардағы жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 88 болды",- деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы агенттік тілшісіне. "Ал ВИЧ індетін жұқтырған әйелдердің саны өзгерген жоқ",- деді ол.

Сөйтіп, қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 88 бала мен олардың 12 анасынан анықталды. Індет жұқтырған 8 бала қайтыс болып, бір баланы асырап АҚШ-қа алып кеткен, тағы екі баланың отбасы облыс аумағынан тысқары жерде жүр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны