06.04.2007, 13:57 3537

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалары бар отбасылармен жұмыс істеу үшін әр сала мамандарынан топ құрылды

ШЫМКЕНТ. 6 - сәуір. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалар бар отбасылармен жұмыс істеу үшін әр сала мамандарынан топ құрылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық СПИД орталығынан хабарлады.

"Үш адамнан тұратын әрбір топтың құрамына дәрігер, мейірбике және әлеуметтік қызметкер кіреді. Он бір топ ресейлік және украиналық мамандардан сабақ алып үлгерді",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Оның сөздеріне сүйенсек, әр сала мамандарынан құралған топтың міндеті ВИЧ індетін жұқтырған балалардың қоғамға бейімделуіне көмек көрсету, сонымен қатар антиретровирустық емдеу кестесін қатаң сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. "Антиретровирустық емдеу тәсілдері қатаң сақталады. Егер дәрі-дәрмек тұрақты және уақытылы беріліп тұрса, онда індет белгілері өте ұзақ жылдар бойы байқалмайды. Бұл балалардың дене бітімі, жүйкелік-психологиялық және интеллектуалдық тұрғыдан дамуы қалыпты болады",- деп түсіндірді.

СПИД орталығынан хабарлағандай, әр сала мамандарынан құралған топқа қабылдау өте қатаң түрде өтті. "Топқа кірген адамдар тәртіптілік, біреудің қайғысына ортақтаса алу, оны бөлісе алу сияқты қасиеттерге ие болуға тиіс. Сонымен қатар, олар жоғары деңгейде білікті болуы керек",- деп түсіндірді сұхбаттасушы.

Құрылған он бір топтың жетеуі облыс аудандарында, ал қалғандары Шымкентте жұмыс істейді.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 108 бала (олардың сегізі қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен) және 13 ана анықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны