15.05.2007, 18:35 2936

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған қыз бала қайтыс болды

ШЫМКЕНТ. 15 - мамыр. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында жазатайым оқиға салдарынан ВИЧ індетін жұқтырған қыз бала қайтыс болды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық СПИД орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қараусыз қалған төрт жарым жасар қыз бала үйдің жанындағы бөгенге құлап, батып кеткен. ВИЧ індеті баладан осы жылдың көктемінде анықталған, ол АРТ-терапиясы тәсілімен емделіп жүрген, оның денсаулығының жақсарғандығы байқалған болатын.

Баспасөз қызметінің қызметкерлері баланың тұрғылықты жерін хабарламады, мұны қайтыс болған баланың ата-анасының өтініші деп түсіндіруде. Тек отбасының облыс аудандарының бірінде тұратындығы ғана белгілі.

Бүгінгі күнде Оңтүстік Қазақстан облысында 111 бала ВИЧ індетін жұқтырған, олардың тоғызы қайтыс болып, біреуін асырап алған. Сонымен қатар, індет жұқтырған 13 бүлдіршіннің анасына "ВИЧ" диагнозы қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны